Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
10 қазанда «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Өскемен қаласындағы «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК аумағында ағаш отырғызуға қатысты. Экологиялық акцияны «Аманат» партиясы облыстық филиалының өңірлік қоғамдық экологиялық кеңесі ұйымдастырды.
Акция «Аманат» партиясының «Облыстың қалалары мен аудандарында жасыл аймақтар құру» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындау аясында өтті. Қылқан жапырақты ағаштарды отырғызуға мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, «Аманат» партиясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында 32 көшеттен тұратын аллея салынды.