Осы оқу орнының оқушылары үшін позитивті көзқарас пен пәнді жақсы зерттеу мақсатында ойын формасы арқылы оқыту жүйесі енгізілген. Қазіргі уақытта 6-7 сынып оқушылары климаттың өзгеру негіздерімен және Қазақстанның географиялық жағдайының ерекшеліктерімен танысуда, сондықтан да мұғалімдер еліміздің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінде көшпелі сабақ өткізуге шешім қабылдаған.
Оқушылар Ауа райы қызметінің жұмысымен қызыға танысты, сондай-ақ өткен ғасырда метеорологтардың қолданған құралдарын, Қазгидрометтің еңбек сіңірген қызметкерлерінің тарихи құжаттары мен фотосуреттерін көріп, тәнті болды.