Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:
батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;
солтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 7-12-ге дейін;
елдің орталығында 3-8 жылыға дейін, күндіз 5-19 жылыға дейін жоғарылауы болжанады;
шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы болжанады, күндіз негізгі фон 5-13 градус жылы;
оңтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;
оңтүстік-шығыста түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді.