Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Жаңа Жер аудандарынан келетін циклонның әсерінен, ҚР басым бөлігінде жаңбыр, кезеңнің соңына қарай солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа-райы күтіледі. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі.
Ауа температурасы:
батыста түнде 3-13 жылыдан 3 аяз-7 жылыға дейін, күндіз 10-20 жылыдан 2-15 жылыға дейін төмендейді;
солтүстік-батыста ауаның температурасы шамалы төмендейді, түнде 3 аяз-8 жылыдан 3 аяз -5 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 2-8 жылыға дейін төмендейді;
солтүстікте ауаның температурасы түнде 0-6 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарлайды, күндіз 5-12 жылыдан 0-8-ге дейін төмендейді;
ҚР орталығында ауаның температурасы түнде 1 аяздан-8 жылыдан 3-9 жылыға дейін жоғарлайды, күндіз температураның негізгі фоны 7-18 градус жылы;
шығыста түнде ауаның негізгі фоны 2 аяз -8 жылы болады, күндіз ауаның температурасы 3-15 жылыдан 9-18 жылыға дейін жоғарылайды;
оңтүстікте түнде ауаның температурасы 3 аяз-5жылыдан 0-13 жылыға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 12-26 градус жылыға дейін жоғарылайды;
оңтүстік-шығыста ауаның температурасы түнде 5 аяз-6 жылыдан 2 аяз-10 жылыға дейін, күндіз 5-15 жылыдан 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды.