Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Солтүстік циклон жырасы 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады, оның ықпалында бірінші кезекте елдің солтүстік жартысы болады, сонымен байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, тұман мен көктайғақта болжанады. Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа-райы сақталады, бірақ 23 қазанда циклон жырасы шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты күтілуде. 23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон жотасымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде.
Ауа температурасы:
батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 2-12 жылы;
солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылыдан 2 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
республиканың орталығында түнде 2-10 жылыдан 0-8 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 3 аяз – 5 жылыға дейін төмендейді;
еліміздің шығысында түнде 3 аяз - 5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяздан 0-5 жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін, күндіз 20-25 жылы, таулы аудандарда 12-17 жылыдан 5-13 жылы, таулы аудандарда 2 аяз-5 жылыға дейін күрт төмендеуі болжанады.