Республика күні мерекесіне орай құттықтаулар

IconЖарияланды 22.10.2022

Республика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Қазгидромет» РМК қызметкерлерін министрліктің атынан Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Қостанай облысы бойынша филиалдың «Арқалық» МС бастығы Елена Исаева, Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдың гидрометеорологиялық мониторинг бөлімінің бастығы Гүлнар Сидекова, сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК Метеорологиялық қамтамасыз ету басқармасының жетекші инженері Серік Елеуов және Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Марат Бейсенов лайықты марапаттарға ие болды.

Әріптестерімізді Республика күнімен құттықтай келе, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз