«Қазгидромет» РМК 2016 жылдан бастап ультракүлгін радиациясының индексі (УК-индексі) болжамдарының апталық бюллетенін шығарады. Әсіресе, бұл болжамдар жазда өзекті, адамдар денсаулығына зиян келтірмей, күнге күюге, табиғатта демалуға тырысады.
Барлық бюллетендер «Қазгидромет» РМК www.kazhydromet.kz. ресми сайтында қолжетімді. УК индексі - жер бетіне жететін ультракүлгін радиациясының қауіптілік деңгейін көрсететін өлшемсіз шама. Бюллетенде апта сайын озонның жалпы құрамының, күн биіктігінің және ультракүлгін радиациясы белсенділігінің болжамын ескере отырып, қауіп-қатерден қорғану бойынша ұсынымдар көрсетілген.
Апта сайын мамандар күйіп қалу немесе денсаулыққа зиян келтіру қаупі жоғары уақытты көрсете отырып, күн әсерінен қорғану шаралары бойынша егжей-тегжейлі кеңестермен белсенді күнде болу уақыты туралы кестелер жасайды.
Ультракүлгін радиациясы индексінің бюллетені 12-18 маусым аралығында «Қазгидромет» РМК https://www.kazhydromet.kz/ecology/ezhenedelnyy-byulleten-prognozov-indeksa-ultrafioletovoy-radiacii. сайтында қолжетімді.