2022 жылғы 21 қазанда Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы ұйымдастыруымен онлайн кездесу өтті. Түркі мемлекеттерінің ұйымы - түркі халықтары арасындағы жан-жақты ынтымақтастық мақсатында қазіргі мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым.
Бұл кездесу қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналды. Бүгінгі кездесуге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің өкілдері қатысты.
Қазақстаннан «Қазгидромет» РМК қызметкерлері шақырылды. Кеңеске қатысушылар «Түрік мемлекеттері ұйымының қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі құрылымын» құру тұжырымдамасының жобасын талқылады.