Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы аэрологиялық станцияға ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстарын аяқтады. Жөнделген объект - атмосфераны зондылауды тұрақты түрде жүргізетін метеорологиялық қызмет мекемесі. Станция Әлмерек шағын ауданында орналасқан және 1984 жылы салынған. Мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары соңғы рет 2009 жылы жүргізілген.
Жөндеу жұмыстары кезінде шатыр ауыстырылып, қабырғалардың ішкі және сыртқы жақтары сыланды, сондай-ақ терезе жақтаулары мен есіктер толығымен ауыстырылды. Еден жабыны қайта төселіп, баспалдақтар мен сыртқы қоршаулар боялды. Барлық жарық түсіретін жабдықтар ауыстырылып, іргетас жаңартылды және іргелес аумақ абаттандырылды.