Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
27 қазанда солтүстікте, 27-28 қазанда шығыста жауын-шашын әлі де сақталады, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Аптаның ортасында батыс өңірлерге, содан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны ауысады, сонымен байланысты жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде. 28 қазаннан бастап елдің батысына циклон жырасымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын болады: таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Республика бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, солтүстікте және шығыста-көктайғақ пен тұман болжанады.
Ауа температурасы:
батыста түнде 8 аяз-7 жылыдан 2 аяз-8 жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 3-15 жылыдан 2-10 жылыға дейін төмендейді;
солтүстік-батыста түнде 10 аяз-5 жылы, күндіз 5 аяз-5 жылы;
солтүстікте түнде 5 аяз-5 жылыдан 5-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 0-5 аязға дейін шамалы ауытқу болады;
орталықта түнде 8 аяз-6 жылыдан 3-13 аязға дейін, күндіз 5 аяз-10 жылыға дейін төмендейді;
шығыста түнде 5 аяз-6 жылыдан 3-12 аязға дейін, күндіз 5-12 жылыдан 6 аяз -2 жылыға дейін төмендейді;
оңтүстікте түнде 3 аяз-8 жылы, күндіз 2-10 жылыдан 7-15 жылыға дейін жоғарылайды;
оңтүстік-шығыста түнде 8 аяз-10 жылыдан 10 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді, күндіз 2-15 жылыдан 5 аяз - 10 жылыға дейін ауытқиды.