Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын сақтайтын болады. Жауын-шашын күтіледі, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда-қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста – жаяу бұрқасын болады деп болжануда.
Ауа температурасы:
батыста түнде 2 аяз – 8 жылыдан 2-11 жылыға дейін, күндіз 3-12-ден 7-17 жылыға дейін жоғарылайды;
солтүстік-батыста түнде 13 аяз - 2 жылыдан 7 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 5 аяз-8 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарылайды;
солтүстікте түнде 5-10 аяздан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 3 аяз-2 жылыдан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды
түнде орталықта 5-13 аяздан 3 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 3 аяз - 8 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;
шығыста түнде 5-13 аяздан 6 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 7 аяз - 2 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;
оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылы, күндіз10-20 жылыдан 3-15 жылыға ауытқиды
оңтүстік-шығыста түнде 13 аяз-5 жылыдан 8 аяз -5 жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 0-12-ден 2-15 жылыға ауытқиды.