«Қазгидромет» РМК тұрақты негізде Алматы атмосфералық ауасының сынамаларына бенз(а)пиреннің құрамын анықтау бойынша іріктеу және талдау жүргізеді. Бензо(а)пирен ірі қалаларда көбінесе автомобиль көлігімен бөлінеді. Бенз(а)пирен метаболиттері мутагендер мен канцерогендер болып табылады.
10 маусымда сынама алу келесі 5 нүктеде жүргізілді:
- Амангелді к-сі, Сәтпаев к-сінің қиылысы;
- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;
- Айнабұлақ-3 ш.а.;
- Ақсай-3 ш.а., Маречек к-сі, Б. Момышұлы к-сінің қиылысы;
- Тастақ-1 ш.а., Төле би к-сі, 249.
Нәтижелер ШРШ-дан төмен шоғырлануды көрсетті (елді мекендердің ауасындағы орташа тәуліктік ШРШ = 0,001 мкг/м3). Бенз(а)пиреннің нақты шоғырлануы 0,0002-0,0004 мкг/м3 құрады.