Каспий теңізі – Еуразия құрлығында орналасқан дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны. Жағалау сызығының ұзындығы 5970 км құрайды, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2320 км. Каспий теңізінің тұйық су айдыны ретіндегі деңгейі теңіздегі деңгейдің ауытқуынан айырмашылығы көпжылдық, жылдық және маусымдық ауытқуларға ұшырайды.
«Қазгидромет» РМК Каспий теңізі деңгейінің апта сайынғы болжамын жасайды. 18-23 маусымда Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы минус 27,60 м ең жоғары белгіге дейін көтеріліп және минус 28,40 м ең төменгі белгіге дейін төмендеп, минус 28,03м белгі шамасында болады деп күтіледі.
Каспий теңізінің Орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы минус 27,65 м ең жоғары белгіге дейін көтеріліп және минус 28,37 м ең төменгі белгіге дейін төмендеп, минус 27,98 м белгі шамасында болады деп деп күтіледі.
2020 жылғы 11-17 маусым кезеңіндегі Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.
Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын бақылау Қазгидромет: Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Росгидромет (Махачкала мг) теңіз станциялары мен бекеттерінің жедел деректері бойынша жүргізіледі.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 13 маусымдағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/kaspiyskoe-more. сайтында ұсынылған