Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді, сонымен байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендеуі және жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар түрінде жауын – шашын жауады, 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қатты қар жауады. Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі 15-28 м/с, шығыста бұрқасынмен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.
Түнде батыста ауа температурасы 5-15 аязға дейін аздаған төмендейді, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте 23-36 аязға дейін, орталықта 17-34 аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 аязға дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлерде аудандарда 15-20 градус аяз дейін төмендеуі күтіледі.