2022 жылдың 21 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Үндістанның Дехрадун қаласында «Азия-Тынық мұхит өңірі үшін су тасқыны мен көшкінге баса назар аудара отырып, табиғи апаттар қаупін басқару мақсатында ғарыштық технологияларды қолдану» атты қысқа мерзімді CSSTEAP курсы ұйымдастырылды. Оқу Үндістанның қашықтықтан зондтау институтында тікелей өтті.
«Қазгидромет» РМК қызметкерлері конкурстық негізде оқу үшін іріктеліп алынды. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары үшін Ғарыштық қосымшалар орталығында оқудан өту ауа райын болжаудағы өз қызметін жетілдіру үшін заманауи білім алу мүмкіндігін тудырды.