Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,58м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,19м-ден 29,22м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,80м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,43м-ден 29,34м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 01-07 желтоқсан аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,64м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,20м-ге, ең төменгі мәні – минус 29,44 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,72м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,46м-ге, ең төменгі мәні минус 29,32м-ге сәйкес келді.