Күзде топырақтың өнімді ылғал қоры қыркүйек-қараша айларында қалыптасқан ылғал ресурстарын сипаттайды және көктемгі ылғалдылықты бағалау үшін қолданылады.
2022 жылғы қазан-қараша айларында жүргізілген маршруттық зерттеулердің нәтижелері бойынша астық егетін өңірлердің басым аумағында қысқа кетер алдында топырақтың метрлік қабатында ылғал қорының тапшылығы байқалады.
Елдің барлық аумағында топырақтың егістік (0-20 см) қабатында ылғал қоры төмендеу болды.
Ерекше жағдайлар Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым, ішінара Зеленов және Шыңғырлау аудандары, Ақтөбе облысының Мортық ауданы, Қостанай облысының ішінара Қарасу, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандары мен Б. Майлин ауданы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының солтүстік-батысы, Жамбыл ауданының солтүстігінде, Мүсірепов және Айыртау аудандарында, Ақмола облысының Шортанды және Зеренді аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Абай, Көкпекті және Алтай аудандарында қалыптасты.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақтың егістік қабатында негізінен топырақтағы ылғалдың қанағаттанарлық және оңтайлы жағдайлары басым.
Топырақтың метрлік қабатында ылғал қорының жеткіліксіз деңгейі негізінен республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында қалыптасты. Ылғалдың неғұрлым қолайлы жағдайлары Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қалыптасты, онда негізінен топырақтың метрлік қабатында қанағаттанарлық және оңтайлы ылғал қоры байқалды.