Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында орын алған метеорологиялық жағдайлар бидайдың қыстауына қолайсыздау болған, жауын-шашын нормадан төмен жауған.
Қалыпты қар жамылғысы Алматы және Жетісу облыстарының күздік дәнді дақылдар егістіктерінде байқалған. Жамбыл және Түркістан облыстарында көбінесе қардың болмауы, ауа температурасы төмендегенде күздік бидайдың қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының күздік дәнді дақылдар себілген аудандарында сақталған тұрақты қар жамылғысы (8-10 см), қар біркелкі таралғанда өсімдіктерге қорғаныш болады, сондықтан топырақтың беткі қабатының төменгі температурасы (минус 13...15ºС) қыстау үшін соншалықты қауіпті болмаған.
2022 жылдың желтоқсан айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy