2023 ж. 12-17 қаңтар аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 13.01.2023

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,86м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,57м-ден 29,42м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2023 ж. 05-11 қаңтар аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,62м-ге.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,87м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,65м-ге, ең төменгі мәні минус 29,40м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз