Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан 3...11ºС жоғары, сондай-ақ нормадан жоғары жауын-шашын болған.
Түнгі ауа температурасының төмендеуі, қар жамылғысы біркелкі таралмағанда қысқы дәнді дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Алматы (Аққайнар станциясы), Жамбыл (Қордай, Құлан, Мерке станциясы), Жетісу (Үштөбе станциясы) және Түркістан (Байрқұм станциясы) облыстарының кей жерлерінде қар жамылғысының болмауы қатты аяз кезінде күздік дәнді дақылдардың қыстап шығуына әсер етуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарда қар жамылғысы (6 см) сақталған, ол топырақ бетінде біркелкі таралғанда өсімдіктерге қорғаныш болады, бірақ топырақ бетінің төменгі температурасы (минус 30...31ºС,) қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Күздік бидайдың қату тереңдігіндегі топырақтың ең төменгі температурасы (3 см) Түркістан облысында шамамен 0ºС, Алматы облысында минус 2ºС, және Жамбыл облысында минус 1ºС құраған.
Өткен онкүндікте мал жайылымы барлық мал шаруашылығы аудандарында жүргізіген. Ақтөбе облысының Әйтеке би және Қобда аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Қостанай облысының Арқалық ауданында малдарды қораларда ұстауға көшкен.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Алматы облысының Жамбыл ауданында (Айдарлы станциясы), Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында (Бектауата станциясы) және Атырау облысының Құрманғазы ауданында жайылымдық жерлер қатты тапталған.
Жайылымдық мал шаруашылығының барлық аймағында аяз, өсімдік өсінділерінің мұздануы байқалған, бұл мал жайылымын қиындатқан. Шымның жағдайы көбінесе дымқыл, кейбір жерлерде қатқақ болған.