Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтілуде

IconЖарияланды 27.01.2023

Таяу күндері Қазақстан аумағында ауа-райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған орай қар мен жаяу бұрқасын және жел күшейеді деп күтілуде.

Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 5 градус аяз-3 градус жылыдан 5-10 градус жылыға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 8 градус аяз-3 градус жылыдан 0-5 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз