Қаңтар айының үшінші онкүндігінде Қазақстанның оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан 1...9ºС төмен және жауын-шашын да нормадан төмен болған.
Түркістан облысында 10 күн ішінде, Алматы және Жетісу облыстарында 2-4 күн ішінде және Жамбыл облысында 6-7 күн ішінде өткен қарқынды жылымық одан әрі күздік бидай дақылдарының қысқы төзімділігін төмендетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар себілген аудандарда сақталған қар жамылғысы (8 см), топырақ бетінде біркелкі таралғанда өсімдіктерге қорғаныш әсер етеді, бірақ топырақ бетінің төменгі температурасынан (минус 24...26ºС) қатып қалуы мүмкін.
Түркістан облысының күздік бидай егістеріндегі бидайдың түптену түйіні тереңдігінің ең төменгі температурасы 0ºС минус 2ºС дейін ауытқыған, Алматы облысында минус 6ºС жеткен және Жамбыл облысында минус 19ºС шекті мән шегінде болған.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жайылымы барлық жайылымдарда тегіс жүргізілген.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Батыс Қазақстан облысының Жаңабек ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Қостанай облысының Арқалық ауданында жануарларды қораларда ұстауға көшкен.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Алматы облысының Жамбыл ауданында (Айдарлы станциясы) жайылымдар қатты тапталған.
Шымның жағдайы көбінесе дымқыл, жекелеген жайылымдарда қатқақ болған.