Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 30.06.2020

2020 жылғы 23-29 маусым аралығындағы кезеңде келесі көрсеткіштер тіркелді.

Қызылорда, Петропавл және Павлодар қалаларында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШЖШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Атырау қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 111 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Береке шағын ауданы, Береке өнеркәсіптік ауданы, М. Әуезов даңғылы, Азаттық даңғылы, Әуезов даңғылының қиылысы, Бигелдинов көшесі 10А аудандарында Атырау филиалының жанында неғұрлым ластанған.

Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 40 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Рысқұлов көшесі 4-Шанхай ауданында ластанған.

Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 165 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 46 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Бостандық ауданында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында неғұрлым ластанған.

Балқаш қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 61 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ленин к-сі 10-үйінен оңтүстікке қарай неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШЖШ-дан шамалы асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШЖШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ЛББ-да тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг:

- Ақтөбе қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 3 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Алматы қаласында 16 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 11 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Атырау қаласында 5 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 3 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Балқаш қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Өскемен қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Жезқазған қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Қарағанды қаласында 8 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Қызылорда қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 1 қолмен сынама алу бекеті.

- Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 6 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Павлодар қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 5 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Петропавл қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Теміртау қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Шымкент қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз