Қазақстанның оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында ақпан айының бірінші онкүндігінде температуралық фон нормадан 1...6ºС жоғары болған, жауын-шашын көбінесе нормадан көп жауған.
Оңтүстік облыстарда 1 күннен 9 күнге дейін өткен қарқынды жылымықтан әлсіз дамыған күздік бидай дақылдарының қысқы төзімділігі төмендетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында онкүндік бойы минималды ауа температурасының минус 23ºС дейін төмендеуі егістіктерде қар біркелкі таралмағанда болмаса мүлде болмаған жағдайда, әлсіз дамыған қыстық дәнді дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Күздік бидай егістеріндегі бидайдың түптену түйіні тереңдігінің минималды температурасы Түркістан облысында шамамен 0ºС минус 1ºС дейін, Жамбыл облысында минус 5ºС және Алматы облысында минус 4ºС ауытқыған.
Өткен онкүндікте жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында жаппай мал жайылымы жүргізілген.
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Қобда аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жаныбек және Ақжайық аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында малдарда қораларда ұстауға көшкен. Жетісу облысының Қаратал ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында мал басын азықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған, өсімдік өскінінің мұздақтануына әкелетін қырау барлық жайылымдарда байқалған. Жайылымдардың қатты тапталуы Алматы облысының Жамбыл ауданында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысының Қаратал ауданында (Ақжар станциясы), Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында (Бектауата станциясы) орын алған.
Шымның жағдайы көбінесе дымқыл және қатқақ болған.