Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,91м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,71м-ден 29,40 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 09-15 ақпан аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,62м-ге тең.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,87м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,73м-ге, ең төменгі мәні минус 29,42м-ге сәйкес келді.