2023 жылғы 20 ақпанда "Қазгидромет" РМК ғимаратында «AMANAT» партиясының өкілдері Астана қаласы мәслихатының және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиядан Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесуде «AMANAT» өкілдері өз жұмыстары туралы айтып, партияның үгіт бағдарламасының жекелеген тармақтарын түсіндіріп, Қазгидромет қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.