Ақпанның екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан жоғары болған, оңтүстікте 2...6°С, оңтүстік-шығыс облыстарда плюс 2°С минус 1°С дейін ауытқыған, жауын-шашын көбінесе нормаға жуық және төмен жауған. Оңтүстік облыстарда 6 күн бойы байқалған қарқынды жылымықтан әлсіз дамыған күздік бидай дақылдарының қысқы төзімділігі төмендеуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында онкүндік бойы минималды ауа температурасының минус 28ºС дейін төмендеуі егістіктерде қар біркелкі таралмағанда немесе мүлде болмаған жағдайда, әлсіз дамыған қыстық дәнді дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Қар жамылғысының биіктігі батыста 7-29 см, Ақтөбе облысының шеткі солтүстік аймақтарында 48-54 см, оңтүстік облыстардың басым аймағында болмаған, кей жерлерде 1-6 см, оңтүстік-шығыста 1-13 см және Қазақстанның оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында 22-134 см жеткен.
Күздік бидай егістеріндегі бидайдың түптену түйіні тереңдігінің минималды температурасы Түркістан облысында шамамен 0ºС минус 1ºС дейін, Жамбыл облысында минус 10ºС және Алматы облысында минус 3ºС ауытқыған.
Өткен онкүндікте жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында жаппай мал жайылымы жүргізілген.
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Қобда аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек және Ақжайық аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында малдарды қорада ұстауға көшкен. Жетісу облысының Қаратал ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында мал басын азықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған, өсімдік өскінінің мұздақтануына әкелетін қырау барлық жайылымдарда байқалған. Алматы облысының Жамбыл ауданында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысының Қаратал ауданында (Ақжар станциясы), Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында (Бектауата станциясы) жайылымдар тапталған.
Шымның жағдайы көбінесе дымқыл және қатқақ болған.