Қазақстан аумағы бойынша, батыстан шығысқа қарай Атлантикалық циклон ауысады, ауа-райының тұрақсыз сипаты жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде, жаяу бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ құбылыстары, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр түрінде күтіледі. Бүкіл кезең бойы шығыста, 07 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 08 наурызда оңтүстікте, 08-09 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек 08-09 наурызда батыста, 09 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Республика бойынша тұман күтіледі. Кезеңнің соңында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температуралық фон 7-17 аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-12 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.