«Қазгидромет» РМК тұрақты түрде Алматы қаласының атмосфералық ауасының құрамында бенз(а)пиренді анықтау бойынша іріктеу және талдау сынамаларын жүргізеді. Ірі қалаларда бенз(а)пирен көбінесе автомобиль көлігінен бөлінеді. Бенз(а)пирен метаболиттері мутагендер мен канцерогендер.
2020 жылдың 24 маусымында ШЖШ-дан төмен концентрациялар көрсетті (ШЖШ елді мекендердің ауасындағы орташа тәуліктік мәні = 0,001 мкг/м3).
Сынама алу келесі 5 нүктеде жүргізілді:
- Амангелді к-сі., Сәтпаев көшесінің қиылысы;
- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;
- Айнабұлақ-3 шағын ауданы;
- Ақсай-3 шағын ауданы, Маречека к-сі., Б.Момышұлы көшесінің қиылысы;
- Тастақ-1 шағын ауданы, Төле би к-сі., 249.
Бенз(а)пиреннің нақты шоғырлануы 0 – 0,0002 мкг/м3 құрады.