Наурыздың екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон 2...5°С батыста 7...8°С нормадан жоғары, жауын-шашын тегіс жауған және онкүндік нормадан көп болған.
Түркістан облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай егістігінің жағдайы жағдайы жақсы. Даму фазасы «3-жапырақ» - «түптену».
Алматы облысының Қырғызсай станциясының маңайындағы бақылау учаскелерінде күздік бидай вегетациясының қайта өсуі байқалады, өсімдіктердің жағдайы жақсы. Даму фазасы «3-жапырақ».
Жамбыл облысындада күздік бидай вегетациясының қайта өсіп-өнуі байқалады, даму фазасы «көктеу» – «3-жапырақ». Өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Жетісу облысында күздік бидайдың жағдайы жақсы, «көктеу» даму кезеңінде.
Батыс Қазақстан облысында орын алған метеорологиялық жағдайлар
күздік дәнді дақылдардың қыстау кезеңінің аяқталуы үшін қолайлы болған.
Түркістан облысының бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдегеннен (жер жыртудан) кейін жаздық арпа себу жұмыстары жалғасуда. Ерте себілген егістіктерде «дәннің өнуі» - «көктеу» кезеңі байқалады, өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде жоңышқа мен беде көпжылдық шөптері егістіктерінің жаппай қайта өсіп-өнуі байқалады. Шөптердің жағдайы көбінесе жақсы, Алматы және Жетісу облыстарында қанағаттанарлық.
Жайылымдарда мал жайылымы барлық жерлерде жүргізілген. Жануарларды Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында қыстақтарда ұстауда. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында мал басын азықтандыру жалғасуда. Алматы облысының Жамбыл, Балқаш аудандарында және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында төлдеу науқаны басталды.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Шымның жағдайы дымқыл, кей жерлерде қатқақ және құрғақ болған.