Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
"Қазгидромет" РМК 2023 жылғы 16-23 наурыз аралығында есептеген қармен жабылған Қазақстан аумағының ауданы NASA спутниктерінің суреттерінің деректері бойынша 39% - дан 34% - ға дейін азайды.
2023 жылғы 25-31 наурызға арналған апталық синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес Қазақстанның батысында жаңбыр болжануда, республиканың солтүстік жартысында, елдің орталығында және шығысында, осы кезеңнің ортасынан бастап түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады. Осыған байланысты, жоғарыда аталған өңірлерде қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтілуде.
Қазақстанның батысында көрсетілген кезеңнің басым бөлігінде түнгі температура +2+10°С шегінде сақталады, күндіз температуралық фон +12+20°С күтілуде, Атырау облысында +17+25°С, наурыздың соңғы күндерінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады. Елдің солтүстік жартысында, республиканың орталығы мен шығысында алдағы аптада түнгі және күндізгі ауа температурасының көтерілуі күтілуде.