Алынған есептік деректерге сәйкес жаздық дәнді дақылдарды егудің алдын ала оңтайлы мерзімдері Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында негізінен мамырдың екінші және үшінші онкүндіктерінде, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында-мамырдың бірінші және екінші онкүндігінде болжанады.
Қарағанды облысында негізінен мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарында мамырдың бірінші онкүндігінде.
Шығыс Қазақстан облысында негізінен мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде, облыстың оңтүстігінде егістің басталуы сәуір айының соңында болжанады.
Бұл болжам алдын ала және нақты метеорологиялық көрсеткіштер бойынша сәуір айының соңында нақтыланатын болады.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ-не үнемі ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланады.