Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Еліміздің көп бөлігіне белсенді фронтальды бөлімдері бар оңтүстік циклон әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 31 наурыз – 1 сәуір батыста қатты жаңбыр жауады, шығыста және оңтүстікте 30-31 наурызда, еліміздің оңтүстік - шығысында 30 наурыз-1 сәуірде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. 31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонының енуімен солтүстік жартысында жауын-шашынның тоқтауы және республиканың көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуі болжануда.
Батыста ауа температурасы түнде 2-7 жылы, күндіз 7-15 жылыға дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста және еліміздің орталығында температура фоны түнде 7-13 аяз, күндіз 2 аяз -3 жылы болжанады, шығыста түнде 10-22 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 3 жылыға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 0-5, күндіз 3-13 жылыға дейін төмендеуі болжанады.