28-29 наурыз аралығында Назарбаев Университетінде «Sustainability Living Lab» (Тұрақты даму зертханасы) бағдарламасының жобалары аясында тұрақты даму бойынша білім беру сессиясы өтуде.
«Sustainability Living Lab» бағдарламасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ЖОО студенттері мен оқытушыларын белсенді түрде тарта отырып, зерттеулер мен инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған.
Сессия аясында студенттер метеорологиялық және экологиялық мониторинг саласындағы жұмыспен танысу үшін Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ғимаратына келді. Жоғары оқу орындарының студенттеріне Гидрометорталық пен мұражай көрсетіліп, Қазгидромет жұмысының қағидаттары, болжау және мониторинг саласындағы өнімдер мен жетістіктер жөнінде айтылды.