Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа - райының тұрақсыз сипаты күтіледі-жаңбыр жауады, 06-08 сәуірде оңтүстікте, 07-08 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. 07 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның енуінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ жаңбырдың қарға ұласуы күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ болжанады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.