Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 07.07.2020

2020 жылғы 30 маусым мен 6 шілде аралығындағы кезеңде келесі көрсеткіштер тіркелді.

Қызылорда және Өскемен қалаларында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШЖШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 210 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Теміртау қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 125 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Фурманова, 6 ықшамаудан, 3 «а» ықшамаудан неғұрлым ластанған.

Ақтөбе қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 74 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Есет батыр көшесі, Рысқұлов көшесі, Шанхай ауданы маңында неғұрлым ластанған.

Балқаш қаласы бойынша шекті рұқсат еттілген нормалардан асып кетудің 45 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ленин көшесі 10 үйінен оңтүстікке қарай ластанған.

Атырау қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асатын кетудің 35 жағдайы тіркелді, қала ауасы Атырау филиалының жанында, ескі әуежай, М.Әуезов даңғылының ауданы, Береке шағын ауданы, Береке өндірістік ауданы, Азаттық даңғылы, Әуезов даңғылының бұрышы, Сәтпаев даңғылы мен Владимирская көшесі бұрышы.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШЖШ-дан шамалы асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШЖШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ЛББ-да тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг:

- Ақтөбе қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 3 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Алматы қаласында 16 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 11 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Атырау қаласында 5 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 3 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Балқаш қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Өскемен қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Жезқазған қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Қарағанды қаласында 8 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Қызылорда қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 1 қолмен сынама алу бекеті.

- Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 6 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Павлодар қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 5 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Петропавл қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Теміртау қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Шымкент қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз