Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері, атмосфералық бөлімдердің өтуімен, батыста, оңтүстікте, еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр күтіледі; оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Еліміздің қалған бөлігіне Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл, шығыста түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ күтіледі.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30 жылыға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында 20-27 жылыға дейін, шығыста 15-23 жылыға дейін, оңтүстікте 25-33 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 17-25 жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады.