Жалпы мамыр айында басты астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде.
Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Куршим, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады.
Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылықтың басталуы күтілуде, мұнда мамыр айында жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжануды.
Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық болып болжанады.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады және www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.