Ресми бетте 2023 жылдың мамыр айынан бастап «Қазақстан аумағындағы климаттың ерекшеліктері туралы шолу» атты жаңа бөлім ашылды https://www.kazhydromet.kz/klimat/obzor-ob-osobennostyah-klimata-na-territorii-kazahstana.
Шолуда 2022 жылғы (қаңтар-желтоқсан) климаттың жай-күйі және Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық облыстарының аумағындағы климаттың өзгеруі туралы қысқаша ақпарат берілген. Ауа температурасы мен жауын – шашынның климаттық ауытқулары, агроклиматтық жағдайлар, жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша қар жамылғысының жай-күйі, Қазақстанның ірі су айдындары – Каспий теңізі мен Балқаш көлі су бетінің жай-күйі, экстремалды ауа райы және климаттық құбылыстар туралы деректер ұсынылған. Шолуда келтірілген барлық бағалау «Қазгидромет» РМК мемлекеттік бақылау желісінің станциялары мен бекеттеріндегі гидрометеорологиялық бақылаулардың деректерін пайдалана отырып алынды. Климаттық өзгерістерге шолу жасау үшін «Қазгидромет» РМК Республикалық гидрометеорологиялық қорының 121 метеорологиялық станциясының деректері (1941 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі жер бетіндегі ауа температурасы мен атмосфералық жауын-шашынның уақыт қатарлары, сондай-ақ 2022 жылғы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы деректер) пайдаланылды. Уақыт қатарлары жалпы Қазақстан аумағы және оның 17 әкімшілік-аумақтық облысы бойынша орташаланған, қаралатын шамалардың жылдық және маусымдық орташа ауытқулары үшін келтіріледі.