2023 ж. 11-16 мамыр аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 12.05.2023

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,25м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,81м-ден 28,86м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,91м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,71м-ден 29,29м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2023 ж. 04-10 мамыр  аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,46м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,78м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,87 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,83м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,66м-ге, ең төменгі мәні минус 29,26м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз