Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,28м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,79м-ден 28,89м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,84м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,65м-ден 29,23м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 11-17 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,50м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,70м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,88 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,84м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,67м-ге, ең төменгі мәні минус 29,26м-ге сәйкес келді.