2023 жылғы 29 мамырда «Қазгидромет» РМК-нің 15 өңірлік филиалы үшін «Ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын әзірлеу және шығару регламенті» тақырыбында семинар өткізілді. Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы - метеорологиялық шамалар мен ауа райы құбылыстарының 30 күннен бастап бірнеше айға дейінгі кезеңіне арналған болжам.
2022 жылдан бастап Қазгидромет жылына алты рет маусымдық болжам шығарады, олар жылы және суық жартыжылдықты қамтиды және Қазақстан Республикасының облыстары бойынша қысқа, көктемге, жазға және күзге арналған тоқсандық болжамдармен нақтыланады:
15 ақпанда - көктемге (наурыз-мамыр айлары);
15 наурызда - жылы кезеңге (сәуір-қазан айлары);
15 мамырда - жазға (маусым-тамыз айлары);
15 тамызда - күзге (қыркүйек-қараша айлары);
15 қазанда - суық мезгілдге (қараша-наурыз айлары);
15 қарашада - қысқа (желтоқсан-ақпан айлары) арналған болжам шығарылады.
Барлық болжамдар https://www.kazhydromet.kz/ru/weather/konsultativnyy-prognoz-pogody-na-sezon сілтемесі бойынша қолжетімді.