Балалар суреті сайысының қорытындысы

IconЖарияланды 01.06.2023

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының 50 жылдығына арналған балалар суреті сайысының қорытындысын шығарды. «Қазгидромет» РМК қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстан экологиясы», «Қазақстан табиғаты» және «Жер планетасы» атты үш номинация бойынша балалар суретінің жеңімпаздарын анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі: «Қазақстан экологиясы» номинациясы бойынша Айсұлу Кәкімтаева мен Әли Жасқайрат арнайы жүлдеге ие болып, мақтау қағазымен марапаталды. «Қазақстан табиғаты» номинациясы бойынша Ержан Жанмұқанбетов пен Арина Фидееваның жұмысы үздік деп танылды. Конкурстық комиссияның мүшелері
«Жер планетасы» номинациясы бойынша Ерсұлтан Дүйсен мен Тұрғанжан Ақжолдың жұмысын бірауыздан үздік теп таныды. Номинанттардан басқа барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз