2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері салық органдарына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
«Қазгидромет» РМК қызметкерлері квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері ретінде осы санатқа жатады. Осыған байланысты орталық аппаратта офлайн және 15 өңірлік филиалда онлайн режимінде салық декларациясын тапсыру бойынша оқыту курстары өткізілді.
Оқытуды Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас сарапшысы Гүлжан Смағұлова жүргізді. Маман құжаттарды қалай және қандай реттілікпен, қандай платформалар арқылы тапсыру керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сонымен қатар, ол декларацияны алғаш рет және қайтадан тапсыратындарға түсініктеме берді.