Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,32м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,91м-ден 28,85м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,82м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,62м-ден 29,13м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 25-31 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,49м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,67м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,86 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,72м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,53м-ге, ең төменгі мәні минус 29,18м-ге сәйкес келді.