Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, олармен еліміздің басым бөлігінде өткіні жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, жаууы мүмкін; 18 маусымда батыста, 18-19 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі, оңтүстікте - шаңды дауыл болжанады. Тек республиканың қиыр шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі ауа температуралары батыста +20+28 дейін, солтүстік-батыста +13+26 дейін, солтүстікте +17+27 градусқа дейін төмендейді, республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында + 30 +37 градусқа дейін жоғарылауы күтілуде, ал оңтүстік өңірлерде температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.