2023 ж. 15-20 маусым аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 16.06.2023

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,45м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,16м-ден 28,88м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,84м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,60м-ден 29,22м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2023 ж. 08-14  маусым  аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,67м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,26м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,88 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,74м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,48 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,21м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз