Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 14.07.2020

2020 жылғы 7-13 шілде аралығындағы кезеңде келесі көрсеткіштер тіркелді.

Қызылорда және Павлодар қалаларында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШЖШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Өскемен қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 487 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Рабочая к., 6, Лев Толстой к., 18 және  Шәкәрім даңғ., 79 аудандарында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 248 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Ақтөбе қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 96 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Есет батыр көшесі, Рысқұлов көшесі, Шанхай ауданы маңында неғұрлым ластанған.

Петропавл қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 75 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Парковая к. (ПНЗ-5), Юбилейная к. (ПНЗ-6) аудандарында неғұрлым ластанған.

Темiртау қаласы бойынша шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 46 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Фурманов көшесі, Димитров көшесі, 6 шағын аудан, 3 «а» шағын аудан аудандарында неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШЖШ-дан шамалы асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШЖШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ЛББ-да тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг:

- Ақтөбе қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 3 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Алматы қаласында 16 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 11 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Атырау қаласында 5 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 3 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Балқаш қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Өскемен қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 5 қолмен сынама алу бекеті.

- Жезқазған қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Қарағанды қаласында 8 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Қызылорда қаласында 3 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 1 қолмен сынама алу бекеті.

- Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 6 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

- Павлодар қаласында 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 5 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Петропавл қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті.

- Теміртау қаласында 4 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 1 автоматты бекет және 3 қолмен сынама алу бекеті.

- Шымкент қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 2 автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз