2023 жылдың 19-23 маусымы аралығында Солтүстік Македония Республикасының Скопье қаласында Тез өрбитін су тасқынын басқару жүйесі (FFGS) бойынша екінші жаһандық семинар өтуде. Бұл іс-шара FFGS жүйесін енгізу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған ДМҰ-ға қатысушы алпыс ел үшін ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар - Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің, сондай-ақ Табиғат апаттарымен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктердің (ТЖМ) өкілдері болып табылады. Қазақстанның тарапынан Орталық Азиядағы тез өрбитін су тасқыны жөніндегі өңірлік орталықтың (CARFFGS) өкілі ретінде «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Серік Саиров және
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин қатысты.
Семинарда қатысушы елдер постерлік сессиялардың көмегімен су тасқынының алдын алу бойынша өз қызметтерінің жұмысымен таныстырды. Ұйымдастырушылар өз кезегінде қатысушы елдердің өзара іс-қимыл жасау және өңірлік FFGS жұмысының одан кейінгі мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі тілектері мен ұсыныстарын анықтау үшін егжей-тегжейлі сауалнамалар жүргізді.