2023 жылғы 3 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Досбол Бекмағамбетовтың жұмыс сапары өтті. Қызметтік іссапар барысында Досбол Боташұлы «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаевамен бірге Қарағандыдағы метеорологиялық және аэрологиялық станцияларға барып, филиал ұжымымен кездесті және қызметкерлермен өндірістік мәселелерді талқылады.
«Қазгидромет» РМК-нің Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалы - Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ең ірі филиалдарының бірі болып табылады. Оның негізгі қызметі мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.